Шымбұлақта ішімдік ішкен шетелдіктер қызметкерге шабуыл жасады

Полиция тәртіп бұзған 5 адамды ұстаған

Сабина Асқарқызы

  • 03.02.2025

Алматыдағы Шымбұлақ курортында шетелдік туристер ішімдік ішіп, жанжал шығарған, деп хабарлайды Malim.kz.

Болған оқиғаға байланысты жедел түрде ішкі тексеріс жүргізіліп, белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды, – деп хабарлады тау шаңғысы курортының әкімшілігі.

Әкімшіліктің мәліметінше, жанжалды алкогольдік ішімдік ішкен шетелдік қонақтар тобы бастаған. Олардың бірі кассирді ұзақ күтуіне байланысты наразылық білдірген. 

Жағдай күрделене түскен соң оқиға орнына жедел әрекет ету тобы келді, алайда жанжал физикалық қақтығысқа ұласты. Полиция келгеннен кейін жанжалға қатысушылардың барлығы мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді, – деп мәлімдеді курорт әкімшілігі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысушыларға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта объективті мән-жайлар анықталуда, – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды

13.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

11.04.2025

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

10.04.2025

Алматыда ер адам биіктен құлап, қаза тапты

10.04.2025
MalimBlocks
Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

Алматыда ер адам биіктен құлап, қаза тапты

Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты