Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап. 

Батыс Қазақстан облысының аумағына құлаған қашықтан басқарылатын ұшу аппараты бойынша тергеу жүріп жатыр. Құзырлы органдар апатқа ұшыраған дронның кімге тиесілі екенін анықтағаннан кейін ресми мәлімдеме жасайды.

"Тергеу жүріп жатыр. Біз қазір бұл үшін жауап бере алмаймыз, техникалық зат қой. Қайдан келді, қайда құлады, кімге тиесілі? Техник мамандар анық-қанығына көз жеткізсін, содан кейін белгілі болады", - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров.

Бұл — Қазақстан аумағына құлаған үшінші әскери дрон.

Еске салайық, өткен аптада Ресеймен шекаралас Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында пилотсыз ұшу аппараты табылған. Құрылғы адам аяғы баспайтын аумаққа құлап, зардап шеккендер болмады. Дегенмен, Мәжіліс депутаттары Үкіметке шекара маңындағы өңірлерде қауіпсіздікті күшейтуді ұсынып отыр.

"Ең бастысы, бұл дрондардың кімнің меншігі екенін және оны кім қалдырғанын анықтау керек. Бұл мәселені шешкеннен кейін, менің ойымша, техникалық және әскери шараларды қабылдау қажет. Қазір ол бос жатқан жерге құлап отыр, бірақ басқа жерге де құлауы мүмкін. Бізге оқыс жағдай қажет емес. Бұл біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығы үшін керек", - деді ҚР Мәжіліс депутаты Павел Казанцев.

Фото: ren.tv видеосының кадры

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

22.04.2025

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

17.04.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

Олардың әрқайсысына 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды