Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олжас Бектенов «Kazakh Tourism» басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

Оқиға
Олжас Бектенов «Kazakh Tourism» басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз
Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Ғазизовке лауазымына лайық екенін дәлелдеу үшін нәтиже көрсету керектігін ескертті.

Талғат Жанатұлы, сіз осы қызметке жаңадан келіп отырсыз. Бірақ соған қарамастан өзіңізден нақты нәтиже күтеміз. Нәтиже болса, әрі қарай жұмыс істей бересіз. Нәтиже болмаса, қоштасамыз, Келістік пе, - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинетінің мүшелері туризмді дамыту мәселелерін қарап жатыр. 

Сонымен қатар 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын пысықтайды.

Отырыс қорытындысында баспасөз мәслихаты өтеді. Онда Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу