1 сәуірден бастап мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді – министрлік

Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 29.03.2024

1 сәуірден бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігімен Ұлттық білім беру деректер қорында педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модуль іске қосылады. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған.

Сондай-ақ педагогтерді аттестаттауда құжаттарды тапсыру бойынша да автоматтандыру енгізілуде. Енді педагогтердің барлық мәліметтері «Педагог портфолиосы» модулінде жинақталады. Мұнда педагог туралы, оның білімі, денсаулық жағдайы, жұмыс тәжірибесі, құқық бұзушылықтар, аттестаттаудан өту, марапаттары және тәлімгерлік пен цифрлық құжаттар туралы электрондық ақпарат сақталады.

Ашықтық пен есептіліктің болуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты рөл атқарады. Осы модульдерді енгізе отырып, педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде қағаз жүзіндегі құжат айналымын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толық жою жоспарлануда. Жүйені іске қосу алдында басқарма, бөлімдер мен білім беру ұйымдарының мамандары үшін оқыту ұйымдастырылды, - дейді ҚР ОАМ Цифрландыру департаменті директорының орынбасары Майра Маралбаева.  

Еске сала кетейік, бұған дейін аталған модуль Шымкент қаласында және Қарағанды облысының Шахтинск қаласында сынақтан өтті. Сондай-ақ жұмыс іздеу және қажетті персоналды таңдау бойынша еліміздің басқа өңірлерінде де ашықтық жағдай жасау үшін ҰБДҚ-ның «Электрондық еңбек биржасы» платформасымен өзара интеграциясы жоспарланған.


Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

28.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

23.04.2025

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады

23.04.2025

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

23.04.2025

Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

21.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында балтамен әйелін бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан мектеп мұғалімі қамауға алынды

Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысында биология пәнінің мұғалімі әйелге аяусыз шабуыл жасады деген күдікке ілінді​​​​​​​