16 маусым: ҚМДБ Құрбан айт қашан басталатынын айтты

Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды.

Malim Админ

  • 07.06.2024

Мұсылмандар діни басқармасының мәліметінше, Құрбан айт 16 маусымда басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚМДБ бүгін зул-хижжа айы басталғанын мәлімдеді.

«Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді», - делінген хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәлімдемеге қатысты түсініктеме беріп, Құрбан айттың басталу күні бастапқыда 17 маусым деп белгіленгенін айтты. Осыған байланысты қазақстандықтар дүйсенбі, 17 маусымда демалады деп жоспарланған болатын.

«Демалыс күндеріне келетін діни мерекелерді кейінге қалдыруға болмайды. Сондықтан, бұл демалыс күні болғандықтан, кейінге қалдырылмайды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым - дүйсенбіге сәйкес келетіні хабарланған болатын. Бұл күн Қазақстанда демалыс күні болуы керек еді.

Фото: BAQ.KZ

Байланысты жаналықтар

Құлпытасқа марқұмның суретін салмау керек пе?

02.04.2025

"Харам". Криптовалюта шариғатқа сай ма

31.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

30.03.2025

Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

29.03.2025

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

21.03.2025

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

13.03.2025
MalimBlocks
Құлпытасқа марқұмның суретін салмау керек пе?

"Харам". Криптовалюта шариғатқа сай ма

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді

Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әлеуметтік желіде уағыз айтып, діни үгіт-насихат жүргізетіндерді тексереді,

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс