6 қылмыстық іс: Дина Таңсәріге қандай айып тағылды?

Бас прокуратура Черногорияда "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Динара Смаилованың (Дина Таңсәрі) ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

Сұлу Бөлек

  • 15.04.2025

Бас прокуратура Черногорияда "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Динара Смаилованың (Дина Таңсәрі) ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Оған қатысты 6 қылмыстық іс қозғалған. Дина Таңсәрі алаяқтық, жеке өмірге қолсұғушылық және жалған ақпарат тарату бойынша күдікке ілінген.

                       Дина Таңсәрі не үшін күдікке ілінді?

Полиция мәліметінше, 2023 жылғы сәуірде ол әлеуметтік желіде Өскеменде бір қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жалған ақпарат жариялаған. Кейін ол қайғылы жағдайға байланысты көңіл айту жазбаларын бөлісіп, зардап шеккен адамға адвокат жалдау үшін қаражат жинауды бастаған. Сот отырысында қыздың отбасында адвокаттың өздері тарапынан жалданғаны белгілі болған. Жиналған 20 миллион теңге іс бойынша жұмсалмаған.

Басқа бір істе Таңсәрі кәмелетке толмаған жәбірленушіге көмек көрсету үшін бірнеше миллион теңге жинаған. Бірақ бұл жағдай ойдан шығарылған болып шыққан. Ақша қордың шотына емес, күйеуінің жеке картасына түскен.

Сондай-ақ, тергеу барысында Таңсәрі шетелде жүріп, қор атынан жиналған қаражатты жеке қажетіне пайдаланғаны анықталған. Полицияға жеті адам шағымданып, алданғанын мәлімдеген.

Сот оны аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен сырттай айыпты деп танып, оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

                   Бас прокуратураның ресми мәлімдемесі

Интерпол арқылы Смаилованың Черногорияда екені анықталған соң, Бас прокуратура экстрадициялау туралы сұранысты осы елдің құзырлы органдарына жіберген. Алайда Қазақстан мен Черногория арасында экстрадиция туралы халықаралық келісім жоқ болғандықтан, Черногория билігі оны беруден бас тартқан.

"Қабылданған сот шешіміне қарамастан, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары оны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды жалғастыра береді", — делінген хабарламада.

Еске салайық, 14 сәуір кешке Дина Таңсәрі өзін Черногорияда полиция ұстағанын хабарлаған. Ол полиция бөлімшесінде отырғанын, ал 15 сәуірде экстрадиция мәселесі бойынша сот өтетінін айтқан. Сол күні RTCG басылымы Подгорицадағы Жоғарғы сот судьясының қаулысы негізінде оны алдын ала экстрадиция сұранысы бойынша ұстағанын жазды. Бірақ 15 сәуір күні Черногория билігі оны қамаудан босатты.

                                      Қосымша ақпарат

2024 жылғы желтоқсанда Алматы, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері тарапынан Дина Таңсәріге  қатысты алты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Бұл істер жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғу және екі алаяқтық фактісіне қатысты. Сонымен қатар, оны іздеу жарияланып, "НеМолчи.kz" қорының есепшоттары бұғатталған.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады

22.04.2025

Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты

15.04.2025

Черногорияда атыстан соң елде үш күн аза тұту жарияланды

02.01.2025

Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы

03.11.2024

Дина Таңсәрі инфарктпен ауруханаға түсті

27.08.2024

Қызылордада мектеп оқушысын жезөкшелікке салған оқушыларға қылмыстық іс қозғалды

08.08.2024
MalimBlocks
Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады

Бас прокуратура Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрағанын мәлімдеді

Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты

Черногория билігі "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріні (Динара Смаилова) қамаудан босатты.

Черногорияда атыстан соң елде үш күн аза тұту жарияланды

Ал қылмыскер өзін атып өлтірген

Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы

Одан бөлек, финалда тағы 7 спортшымыз бар

Дина Таңсәрі инфарктпен ауруханаға түсті

Ол бүгінде Черногорияда тұрып жатыр

Қызылордада мектеп оқушысын жезөкшелікке салған оқушыларға қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында мектеп оқушылары 16 жастағы қыз баланы қинап ұстап, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.