Абай облысында ер адам туған қызын зорлап, 4 жастағы баланы өлтірген

Еркек өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Арман Қайыпхан

  • 18.07.2024

Өзінің 9 жастағы туған қызын мас күйінде зорлап, артынша 4 жастағы ұл баланы өлтірген, сөйтіп, баланың денесін қоғамдық дәретхананың біріне тастап кеткен Абай облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

38 жастағы еркек өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

2023 жылы қыркүйек айында 4 жастағы баланың денесі Семей маңындағы тас жол бойындағы дәретханадан табылды.

Баланың анасы жұмыс істеу үшін күтуші есебінде агрессордың әйеліне ұлын тастап кеткен. Ол қайтып келгенде, бала жоқ болып шыққан. Күтуші баланы басқа үйде деп, алдаған. Артынша, ащы шындық ашылды. Баланы ұрып өлтірген, күтушінің күйеуі оның денесін спорттық сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың біріне тастаған.

«Баланың анасы ақша табуға кеткен. Төрт ай бойы, бала осы адамның үйінде болған. Бір күні ол баланы ұрып-соғады. Бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Агрессор баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастап кеткен», - деп хабарлады Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілдері.

Сот ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Оның әйелін 2,5 жылға соттады.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

02.04.2025

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

01.04.2025

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

01.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025
MalimBlocks
Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды