Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әйелін 11 жыл бойы ұрып келген әкімге үкім шықты

Қоғам
Әйелін 11 жыл бойы ұрып келген әкімге үкім шықты

Әйелін ұрды деген танымал қазақстандық дзюдошы, Атырау облысының Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамыр айында бұрынғы әйелі Ринат Ибрагимовтың өзін ұрып-соққанын айтып, әлеуметтік желіге видео жүктеген еді. Ақмарал Үмбетқалиеваның сөзінше, ер адам 11 жыл бойы балалардың көзінше оған қол көтеріп келген және балаларын бір жыл бойы көрсетпеген. Алайда шенеунік бұл айыппен келіспей, өзіне жала жабылғанын алға тартқан.

Сот сараптама қорытындысы мен өзге де дәлелдерге сүйене отырып экс-әкімнің кінәсі расталғанын мәлімдеді.

Осылайша, Ринат Ибрагимовтің екі жылға бас бостандығы шектелді. Бұдан бөлек бұрынғы әйеліне ол 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу