Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Malim Админ

  • 15.05.2024

«Қазгидромет» РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде (16-18 мамыр аралығы) ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Астанада:

16 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел – 7-12 м/с. Ауа температурасы – түнде 0+2°С, топырақ бетінде -2°С аяз, күндіз +16+18°С;

17 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел – оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы – түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С;

18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыстан соғатын жел –түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы – түнде +7+9, күндіз +22+24°C.

Алматыда:

16 мамыр – көшпелі бұлтты, кешке жаңбыр, кей жерде нөсер, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел – солтүстік-батыстан 3-8, найзағайдың екпіні – 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +25+27°С;

17 мамыр – көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр, кей жерде нөсер, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 3-8, найзағайдың екпіні – 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +21+23°С;

18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел – 3-8, найзағайдың екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте:

16 мамыр – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 8-13, найзағайдың екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +24+26°С;

17 мамыр – көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Шығыстан соғатын жел – 8-13 м/с. Ауа температурасы – түнде +14+16°С, күндіз +27+29°С;

18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, кей жерде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.

Батыстан соғатын желдің күші – 8-13, екпіні – 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +22+24°С.

Фото: pixabay

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған