Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

Алаяқтардың ықпалымен жәбірленушілер банктік және микроқаржылық несиені өздері рәсімдейді

Malim Админ

  • 12.11.2024

Жоғарғы Соттың халықаралық кеңесі банктер мен шағын несие ұйымдарына интернет-алаяқтардан зардап шеккендердің несиесі бойынша шешім ұсынды.  Жоғарғы Соттың Халықаралық кеңесінің отырысында соттарда жасанды интеллектті енгізу және интернет-алаяқтықтан зардап шеккендердің мүдделерін қорғаудың тиімді тәсілдері талқыланды.


Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Президент тапсырмаларын іске асыру аясында сот қателерін азайту және күрделі істер бойынша жұмыс істеуде ресурстарды босату үшін ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және роботтандыру арқылы сот процестерін жеңілдету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қазақстандық соттарда жасанды интеллекті мен робототехниканы қолданатын бірегей IT-өнімдерін қолдану туралы айтты.

Кеңес мүшелері Оксана Качалова, Кристофер Кэмпбелл-Холт, Куртис Мастерс және Айгүл Кенжебаева соттарда ақпараттық технологияларды қолдануды жақсарту жөнінде ұсыныстар жасады.

Екінші мәселе бойынша Жоғарғы Соттың судьялары Мәдениет Омарбекова мен Баян Тоқтарова интернеттегі алаяқтыққа қатысты істердің жыл сайын артып бара жатқанын айтты.

"Биыл 2022 жылмен салыстырғанда мұндай азаматтық істердің өсімі 270 пайыздан асты. Алаяқтардың ықпалымен жәбірленушілер банктік және микроқаржылық несиені өздері рәсімдейді, тіпті жылжымайтын мүліктерін сатып, ақшаны белгісіз адамдарға жібереді", - делінген хабарламада.

Биылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы абыройлы азаматтар зардап шегетін алаяқтық және соған байланысты құқық бұзушылықтармен күресу үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырды.

Судьялар Қылмыстық кодексте интернет-алаяқтық құрбандарының мүдделерін қорғауға қатысты тиісті бап болмағанымен, жәбірленушілерді қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістері бар екенін атап өтті.

"Азаматтық істер бойынша соттарға талап-қоюлардың екі санаты беріледі: "дропперлерден" негізсіз баюды өндіру туралы және азаматтардың банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарсы талаптары. Осылайша, егер сотта оны алу негіздерін растамаған "дропперлер" деп аталатындардың шоттарына ақша түскені дәлелденсе, онда олар алынған негізсіз баюды қайтаруға міндетті. Биылғы жылдың басынан бері Жоғарғы Сот әзірлеген бұл практика, азаматтардың алаяқтық схемаларға қатысуын болдырмауға көмектеседі", - делінген хабарламада.

Жиынға қатысушылар электрон төлем құралдарын пайдалана отырып несие беру саласындағы жауапкершілікті арттыру арқылы қылмыстық заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.

Фото: Ашық дереккөз 

Байланысты жаналықтар

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

02.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

«Ұятсыздар». Әнші Бүркіт алаяқтарға үндеу жасады

28.03.2025

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

27.03.2025
MalimBlocks
Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

«Ұятсыздар». Әнші Бүркіт алаяқтарға үндеу жасады

Әнші алаяқтарға алданатын қариялар көптігін айтты.

Ақтөбе облысында балаларын өлтірді деп айыпталған әйел қамауға алынды

Ақтөбеде балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйелді қамауға алынды