Ақбөкенді атқандар сотталып кетті

Арман Қайыпхан

  • 23.04.2025

Түркістан облысының төрт тұрғыны жоғалған жылқыларды іздеуге шығып, ақбөкендерді атқаны үшін үш жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

“Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген 15 киік өлтірілген. Осыдан кейін браконьерлер өздері аулаған жануарларды өлтіріп, мүйіздерін алып, етін көлікке тиеген. Осылайша сотталушылар мемлекетке 143 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген”, – делінген сот хабарламасында.

Сот мәліметінше, олар тағылған айыпты мойындаған. Істі қарау барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді. Алайда бұл оларды қылмыстық жауапкершіліктен құтқара алмады.

"Айыпталушылар мемлекетке ірі көлемде зиян келтірген заңсыз аңшылық, сирек кездесетін жануарларды заңсыз жою және тасымалдау бойынша кінәлі деп танылды", – делінген сот хабарламасында.

Сот олардың әрқайсысын 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Оларға бес жыл аң аулаумен айналысуға да тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады