Ақтау әкімінің экс-орынбасары шетелде ұсталды

Malim Админ

  • 27.02.2025

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, іздеуде болған Садвақасов Т.Х.-ны Қазақстан Республикасының аумағына жеткізді.

Агенттіктің ақпаратынша, ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген.

«2023 жылғы шілде айында Садвақасов Т.Х. мен адвокат Құрманбаев С.Н. өздерінің қызметтік байланыстарын пайдаланып, Долгалев В.И.-дің іскерлік серіктестеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастау мәселесін шешуді ұсынған.

Аталған мәселені шешу үшін Садвақасов Т.Х. мен Құрманбаев С.Н.-ға заңсыз сыйақы ретінде 225 млн теңге беру жөнінде келісім жасалған.

Алайда, күдіктілер параның алғашқы бөлігі – 90 млн теңгені алғаннан кейін бұл қаражатты өз пайдасына жаратқан және өз міндеттемелерін орындамаған.

Кейін Садвақасов Т.Х. қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қауіптеніп, соттан жасырынған.

 Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Өзбекстан Республикасының Шекара қызметі тарапынан ұсталған. Соған байланысты оған қатысты шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық іс қозғалған», – делінген хабарламада.

2025 жылғы 25 ақпанда Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекара бақылау-өткізу пунктінде ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне тапсырылып, кейін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Жақын арада ол Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі.

Аталған іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қарастырылады.

Байланысты жаналықтар

Соңғы 15 жылда елімізде болған ұшақ апаттары

26.12.2024

Ұшақ апаты: Грозныйға 30 минутта неге жете алмады?

25.12.2024

Еліміздегі жолдардың сапасы сын көтере ме? Мониторинг жүргізілді

02.12.2024

Алматыда ұзаққа созылған екі маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды

26.09.2024

Еліміздегі барлық мектептің асханалары тексеріледі

09.09.2024

Маңғыстау шенділері Н.Ноғаевтан сөгіс естіді (видео)

29.09.2021
MalimBlocks
Соңғы 15 жылда елімізде болған ұшақ апаттары

Ұшақ апаты: Грозныйға 30 минутта неге жете алмады?

Еліміздегі жолдардың сапасы сын көтере ме? Мониторинг жүргізілді

Мониторинг қатысушыларының 60% астамы сапасыз жол кесірінен өзі немесе жақындары апатқа түскенін айтқан

Алматыда ұзаққа созылған екі маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрақты негізде тапсыру мерзімі бұзылған, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына мониторинг жүргізеді.

Еліміздегі барлық мектептің асханалары тексеріледі

Бесшоқы ауылында 500 бала уланған болатын

Маңғыстау шенділері Н.Ноғаевтан сөгіс естіді (видео)