Ақтөбе облысында дельтаплан құлап, ұшқышы қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр

Мәди Саматұлы

  • 22.06.2024

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмыстарды орындау барысында «Самғау АГРО» ЖШС тиесілі «Дельтаплан» ұшу-аппараты апатқа ұшырап, ұшқышы қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл оқиға бойынша Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді, деп жазды министрлік.

Министрліктің мәлімдеуінше, осыған ұқсас жағдай кеше де болған. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшу барысында «Самғау АГРО» ЖШС тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонған.

Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болған, бірақ ешкім зардап шекпеген.

Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес бұл оқиға да авиациялық оқиға ретінде қаралмақ.

Фото: ernur.kz

Байланысты жаналықтар

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

24.04.2025

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23.04.2025

35 млн теңге иемденген: Ақтөбеде шенеунік сотталды

23.04.2025
MalimBlocks
«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23 сәуірде Ұлттық кітап күнінде және ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде ерекше шара өтті

35 млн теңге иемденген: Ақтөбеде шенеунік сотталды

"Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ директоры сотталды