Ақтөбеде атыстан мерт болған студентті жерледі

Тірі болғанда екі айдан кейін 18 жасқа толар еді дейді туыстары.

Malim Админ

  • 30.05.2024

Ақтөбе облысында атыста оқ тиіп мерт болған студент Диас Талғатұлын туыстары 30 мамырда Бозой ауылындағы қорымға жерледі, деп хабарлайды Азаттық.

Тірі болғанда екі айдан кейін 18 жасқа толар еді дейді туыстары.

Биыл Ақтөбе политехника колледжінің 2-курсын бітірген студенттің ата-анасы мен бауырлары Шалқар ауданындағы Бозой ауылында тұрады.

Ақтөбедегі көпбейінді облыстық ауруханаға сейсенбі, 28 мамырға қараған түні 17 мен 22 жас аралығындағы сегіз адам түскен. Арасында кеудесінің бірнеше жеріне пышақ сұғылып, аяғына оқ тиген Диас Талғатұлы да бар. Дәрігерлер топ адам қатысқан төбелестен кейін ауруханаға түскен жастардың бәрінің аяғына оқ тигенін айтты.

Ақтөбедегі ауруханада қазір жеті адам ем алып жатыр. Оның алтауы – Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Бозой ауылының жастары.

Қайтыс болған Диас пен тағы екі бала Ақтөбедегі политехника колледжінде оқып жүрген. Тағы екі бала Ақтөбедегі Жұбанов университетінің, біреуі Оралдағы технология университетінің студенті. Өзгелері қалада жұмыс істеп жүрген жастар. Қай-қайсы да бұрын-соңды жаман аты шықпаған еді. Білуімше, Бозой жастарының қолында қару болмаған, – дейді Бозой ауылының әкімі Жасұлан Жұбаназаров.

Полиция 28 мамырға қараған түні Ақтөбедегі мал базары ауданында бір топ жас жігіт төбелескен деп хабарлады. Төбелестің аяғы атысқа, пышақтасуға ұласқан. Полиция күдікті ретінде төрт адам ұсталғанын хабарлады. Бұл дерек бойынша "Адам өлтіру", "Бұзақылық" бабымен іс қозғалған. Полиция төбелеске не себеп болғанын айтпады.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025
MalimBlocks