Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің ісі неге ұзақ қаралып жатқаны белгілі болды

Сот алқасының басшысы бұған сот зерттеуге міндетті көптеген материал бар екенін айтты.

Malim Админ

  • 14.06.2024

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты сот шешімі қашан шығатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әрбір инстанция өз қызметін еркін жүзеге асырады. Менің білуімше, тергеу әлі аяқталған жоқ. Қалай аяқталса, солай бұл туралы ақпарат болады. Сот тергеуі жүріп жатыр, – дейді Назгүл Рахметуллина.

Тілшілер: «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасары Самат Әбіш ісіне қатысты шешім шықты, алайда Арман Жұмагелдиев пен Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген ісі әлі созылып, сот үкімі жарияланған жоқ. Неліктен?» –деген сауал тастады.

Сот алқасының басшысы бұған сот зерттеуге міндетті көптеген материалдар бар екенін айтып жауап берді.

Әр іс әр түрлі. Бір эпизодтан тұратын іс бар, онда бір жәбірленуші, бір куәгер - оны бірнеше сессияда аяқтауға болады. 50 сотталушы, 250 жәбірленуші, сот толығымен тексеруге міндетті көптеген қылмыстық іс материалдары бар істер бар. Тиісінше, оның қашан аяқталатынын айта алмаймын. Мұның бәрін сот жеке шешеді. Бүгінгі таңда, менің білуімше, іс әлі аяқталған жоқ, – дейді ол.

Видеодан кадр/instagram.com/kudaibergen_kairat

Байланысты жаналықтар

Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды