Астанада қар түннен бері тоқтамады. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Қар тазалауға 1200 техника жұмылдырылған

Мәди Саматұлы

  • 10.11.2024

Елордада түннен бері қар тоқтамады. Қаланың коммуналдық қызметтері бірнеше ауысымда тәулік бойы күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана әкімдігінің мәлімдеуінше, бүгін қар тазалауға 1200-ден аса арнайы техника мен 2400-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылған.

9-ынан 10 қарашаға қараған түні қаладан 2400 текше метр қар шығарылды, бұл – 188 ауыр жүк рейсі. Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады, деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар техниканың нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін көшеде жүргенде өте мұқият әрі сақ болуды сұрайды.

Фото: instagram/akimat__astana

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks