Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов 1 қыркүйекке дейін жылу орталықтарын отынмен қамтамасыз етуді тапсырды

Қоғам
Бектенов 1 қыркүйекке дейін жылу орталықтарын отынмен қамтамасыз етуді тапсырды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов алдағы жылыту маусымына дайындық барысының баяу жүріп жатқанын айта келе, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері өңір әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен желілеріне жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейтсін. Екіншіден, аталған екі министрлік пен өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін барлық жылу-электр орталықтары мен қазандықтарын отынмен қамтамасыз етсін. Үшіншіден, 15 қыркүйекке дейін орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жаңа жылыту маусымына толық дайындығын қамтамасыз етіңіздер, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Фото:  Sputnik/Владислав Воднев

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу