Бектенов Құлсарыдағы су тасқыны жағдайын тексеріп жатыр

Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады.

Malim Админ

  • 07.04.2024

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысында болып жатқан жағдайды тексерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады. Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына да жауап берді, - делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысты. Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр. Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілді.

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басқан. 28 551 адам эвакуацияланды. Өңірде келетін су азайту көлемін азайту үшін Жем өзенінің сағасы үш жағынан қазылды, сондай-ақ Жем өзенінің бойында орналасқан жасанды бөгеттер бұзылды. Бұл өзен арнасының бағытын өзгертуге және судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге, оның аспий теңізіне қарай өткізу қабілетін ұлғайтуға және су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде тұрғындар мен волонтерлер тұрғын үй секторын су басуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

15.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

05.04.2025

Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады

05.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

Қылмыстық іс қозғалды

Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады

Биылдан бастап геологиялық жұмыстарды қаржыландыру көлемі артады