Бірнеше аймақта боран соғып, тұман түседі

Кей жерлерде көктайғақ болады

Malim Админ

  • 15.01.2025

Еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Malim.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Абай ауданының батысында, оңтүстігінде және орталығында қарлы боран соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, батыста, оңтүстікте, облыс орталығында күші 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде бұрқасын болады. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысы мен шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте, облыс орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жаууы мүмкін. Түнде облыстың батысында және солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың таулы аймақтарында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

Солтүстікте, Ұлытау облысының орталығында кей жерлерде тұман түседі.

Фото: Астана әкімдігі 

 

 

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.