«Болашақ» тізіміне жаңа 40 мамандық қосылды
Болашақ бағдарламасындағы мамандықтар тізімі инновациялар, жаңа технологиялар, медицина, индустриялды инженерия және жаратылыстану ғылымдары бойынша толықтырылды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» төрағасы Әнуар Жанғозин жазды.

«17 мамандықтың атауы кеңейтіліп, бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылса, 23-і жаңа мамандық ретінде енгізіліп отыр. Жалпы алғанда, басым мамандықтардың тізімі техникалық бағыттағы мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді», - дейді Жанғозин.
Орталық қажетті мамандықтарды анықтау үшін кадрлар жетіспейтін салаларды бақылап, 70-ге жуық өтінімді қарастырған.
«Кадрлық нарықтың орта мерзімді болжамы ескерілді. Мемлекеттік органдар, ЖОО, ғылыми орталықтар, индустрия және бизнес өкілдерінің қатысуымен сараптамалық кездесулер өткіздік» , - деп жазды ол.
Биыл шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға арналған қажетті мамандықтар тізіміне жалпы академиялық оқу бойынша 92 мамандық және тағылымдамадан өтуге 158 мамандық кірді. Тізімді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ресми сайтынан қарауға болады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Дәрігер: Бақсы-балгерлік бизнеске айналып кетті
Пандемияға байланысты көп сырқат түрі шетке ығысып, адамдар дертін ұмыта бастағандай. Десе де хирург-дәрігер, ұстаз Қаракөз Қариқызы Қазақстанда адамдар әлі де әлемде жоқ ойдан құрастырылған аурудың емін іздеп әлек болып жүргенін айтады. 30 жылдық тәжірбиесі бар маманмен науқастарды жиі мазалайтын сұрақтар мен «сиқырлы» ем-дом, блогерлер жиі жарнамалайтын «дәрумендер» туралы әңгімелестік.