БҚО-дағы екі ауданда төтенше жағдай жарияланбақ

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжаттардың жобасынан белгілі болды

Арман Қайыпхан

  • 02.08.2024

Батыс Қазақстан облысының екі бірдей ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр. Олар – Бөкей ордасы және Жәнібек аудандары, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжаттардың жобасынан белгілі болды. 

Құжаттарға сәйкес, Жәнібек ауданының аумағында және Бөкей ордасы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ. 

БҚО Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, биыл қуаңшылыққа байланысты шабындық шөп шығымы өте нашар. Оған қоса, киіктер де азық қорын жинауға үлкен кедергі келтіріп отыр. 

"Бұл мәселе бойынша шаруалар мен жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін қазіргі кезде бос жатқан және полигон аумағындағы жерлердің белгілі бір бөлігі пайдаланылып жатыр. 2024-2025 жылдың мал қыстағына 188,1 мың тонна мал азығы қажет. Бүгінде аудан бойынша жоспардың 21,6 пайызы орындалды. Жасыратыны жоқ, жыл өткен сайын жауын-шашын аздығы, қуаңшылық, жайылымның тозуы, мал азығын дайындауға кедергі келтіруде", – деді Нұрлыбек Даумов.

Фото: freepic

Байланысты жаналықтар

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

07.05.2025

Алматыда қонақ үй өртеніп, 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді

27.04.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025
MalimBlocks
Алматыда жер сілкінді

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

Алматыда қонақ үй өртеніп, 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?