457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Черногорияда «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари ұсталды

«НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансариді Черногорияда ұстады және оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі бойынша сот өткенге дейін уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Мені жаңа ғана ұстады да, Подгорица қаласының полициясына әкелді. Ертең экстрадиция мәселесі бойынша сот болады. Бұл соттың не шешетінін білмеймін, бірақ таңға дейін Черногория полициясында қалуым керек деді. Жалпы, ертең соттың не шешетіні белгілі болады. Ұстаудың себебі белгісіз. Тек сотқа жеткізуге де болар еді, бірақ мені таңға дейін қамауда ұстағысы келеді. Достар, қолдауларыңызды сұраймын. Мұның немен аяқталатынын білмеймін, бірақ мені экстрадицияламайды деп үміттенемін», – деді Тансари Telegram-арнасында жарияланған бейнежазбасында.

Ақпаратқа сәйкес, оны астана уақытымен шамамен 18:00-де ұстаған. Қазақстан билігі әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

2021 жылдан бері Дина Тансари шетелде тұрып келеді. Қазақстанда ол «НеМолчи.kz» қорына аударылған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген. 2023 жылғы желтоқсанда Өскемен қаласының соты оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған. Егер кінәсі дәлелденсе, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қолданылуы мүмкін.

Фото: видеодан кадр