Димаш қатерлі ісікке шалдыққан жанкүйерінің соңғы арманын орындады
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қатерлі ісікке шалдыққан жанкүйерінің соңғы арманын орындады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы қатерлі ісікке шалдыққан жанкүйерінің әйелі әлеуметтік желіде айтты.
Біз мүлде күтпедік. Мұхан Димаштың жанкүйері еді. 2024 жылдың ақпаны, Алматыдағы Абай даңғылының бойындағы онкологиялық аурухана. Мұханды операцияға дайындап жатқанбыз. Жиеніміз Салтанат Димашқа жазып, ағасының жағдайы туралы айтып, ол Димаштың шығармашылығын қатты жақсы көретінін жеткізген. Димаштың айтуынша, ол әдетте электронды поштасын оқымайды және әлеуметтік желісін көп бақыламайды екен. Бірақ жиенім жазған кезде көзі шалып қалған көрінеді. Сол кезде Димаш Алматыдан Ыстамбұлға гала концертіне ұшып кетуі керек болған. Бірақ әуежайға барар жолда Мұханға соғып кетуді шешкен екен. Біз оны мүлде күтпедік. Димаш бізге хабарласып, 20 минутта келетінін айтқан кезде ол келмейінше мүлде сенбедік. Қатты қобалжыдық! Онымен не туралы сөйлесерімізді де білмедік. Ол келіп, Мұханды өзінің жеке концертіне шақырды. Бірақ, өкінішке қарай, ол концертке қатыса алмады. Мұхан екі айдан кейін дүние салды, дейді жанкүйерінің әйелі.
Фото: ТикТок