Дос Көшім: Сайлау бағасы 20-50 участікпен өлшенбеу керек

Malim Админ

  • 09.12.2020

Белгілі саясаттанушы Дос КӨШІМ  Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне сұхбат беріп, алдағы сайлау мен сайлау бақылаушылары туралы өз сөзін айтыпты.  Сайлау бақылаушыларын бірнеше жылдан бері оқытып жүрген саясаттанушылардың пікірінше, сайлауда бақылаушылар саны неғұрлым көп болса, дауыс беру нәтижесі де әділ болады екен. Ал бұл сайлауда бір ғана «Nur Otan» партиясының өзі 30 мың бақылаушыны байқаушы ретінде қатыстырады екен.

«Бақылаушылардың сайлауда негізгі 3 міндеті бар. Біріншіден, сайлау күні дауыс беру учаскесінде сайлаудың заң бұзушылықты болдырмау, оған бөгет жасау немесе ескерту тоқтату арқылы жоғарғы тұрған сайлау комиссиясына  хабарласу.  Тіпті керек жағдайда сот пен прокурорға хабарласу,  дабыл қағу арқылы болып жатқан заңсыздықтарды тоқтату. Ол заңсыздықтар әртүрлі болуы мүмкін. Кейде арнайы біреулер өзіне керекті пайыз жасап алу үшін жасайды, кейде сайлау комииссиясының мүшелері білместікпен де жасайды. Екіншіден бағыты, менің ойымша сайлау біткеннен кейін сол сайлауға баға береді. Бұл баға Қазақстанның демократиялық сипатына берілген баға.  Сондықтан билік тарабы аталған бағаға  зер сала қарайды. Бұл баға жақсы да, жаман да болуы мүмкін.  Үшінші, сайлау біткеннен кейін сол сайлауға қатысқан, сайлауға бақылау жасаған ұйымдар өздерінің ұсыныстарын береді»,- депті саясаттанушы.

Тәуелсіздік алғалы елдегі сайлау жүйесіне бақылаушы ретінде қатысып келе жатқан маман сайлаудың қалай өткеніне баға беру 20-50 участікпен өлшенбеу қажет депті.

«Сайлауға баға беру кезінде кейбір ұйымдар,  өзіміздің тәуелсіз бақылаушылар да 20-50 сайлау учаскесін бақылайды да «бүкіл сайлау былай өтті» деген баға береді. Негізінен бағалау критерийлері елдегі 10 мыңнан аса сайлау учаскелеріндегі халықаралық, тәуелсіз бақылаушылардың пікірі мен ұсыныстарына қарай берілуі тиіс.  Әңгіме сол бақылаушылар шындығында да таза, обьективті жұмыс істеп, сайлауға баға бере ме деген мәселеде тұр... Бақылаудың тағы бір негізгі мақсаты-сайлау біткеннен кейін сайлау заңының сайлау жүйесін жақсартуы. Ең қызығы, халықаралық тәуелсіз бақылаушылар, қоғамдық ұйым бақылаушылары, Азаматтық альянс сияқты ең үлкен ұйым ұсыныстарымен, кейде біздікі де үндесіп жатады. Бұған ренішпен қарамау керек. Бұл жақсару, дұрыс жолға бағыт алу. Олар міндеттемейді, тек ұсынады. Аталған ұсыныстарды мемлекет назарға алар болса, сайлауда әділ өтеді», - депті өз сөзінде Дос Көшім.

Сұхбаттың толық нұсқасын көргіңіз келсе, мына сілтемеде:  https://www.youtube.com/watch?feature=youtu.be&v=RVI0h6FpYv8