Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екі күн бойы жоғалған бала Әлинұр Семейдің өзінен табылды

Қоғам
Екі күн бойы жоғалған бала Әлинұр Семейдің өзінен табылды

Семейде екі күн бойы жоғалған 9 жасар бала Семейдің өзінен табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған хабарламаға қарағанда, бала Восточный кентінің маңында табылған. Ол жақта қайдан жүргені, қалай жеткені туралы мәлімет айтылмайды. Өзі дін аман, ата-анасына табысталған.

Айта кетейік, Абай облысының ПД Маненов Әлинұр Ерланұлының жоғалып кеткенін хабарлаған еді.

19 шілдеде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы, Театральная көшесі, 11 үй мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып, содан ұшты-күйлі хабарсыз кеткен.

Фото: әлеуметтік желіден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу