Елімізде кедей адамдардың саны 1 миллионға жетті

Сондай-ақ, оның айтуынша, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын баспанамен қамту проблемасының жалғасып келе жатқанына ширек ғасыр болды.

Берік Дәулетов

  • 26.06.2024

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өңірлерге сапар барысында сайлаушылар көтерген мәселелерді қозғады. Мәжілісменнің айтуынша, Үкіметтен депутаттар жолдаған мыңнан астам сұрақтың басым бөлігіне сырғытпа жауаптар мен формальды ұсыныстар келген, деп хабарлайды Malim.kz.

Бейсенбаев бірінші кезекте халықты бағаның өсуі, табыстың төмендігі қатты алаңдататынын атап өтті.

Ел тұрғындарының тапқан табысының тең жартысы азық-түлікке жұмсалып, кедейшілікке тап болғандардың саны бір миллионға жуықтап қалды. Екінші, жұмыссыздық мәселесі де халықты ерекше алаңдатып отыр. Сайлаушылармен кездескенде бұл да жиі көтерілген мәселенің бірі болды. Министрлік жылына 950 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтыдық дейді. Бұл цифрға сенетін тек министрліктің өзі ғана болар. Расында, ашылған жұмыс орындарының басым бөлігі уақытша, табысы аз салаларда. Тұрақты жұмыс орындарын ашу ісі мардымсыз ұйымдастырылуда, - деп мәлімдеді депутат.

Сондай-ақ, оның айтуынша, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын баспанамен қамту проблемасының жалғасып келе жатқанына ширек ғасыр болды. Осы санатта кезекте тұрғандар саны – 640 мың адам. Жақын арада бұл көрсеткіш 1 миллионнан асуы мүмкін.

Бұл мәселені ескертіп келе жатқанымызға үш жылдың жүзі болды. Сең қозғалар емес, - дейді Бейсенбаев.

Бұдан бөлек рі қалалардың тұрғындары саяжай алқаптары мен агломерация проблемаларын көтеріп жүр. Мысалы, Алматының іргесіндегі саяжайларда 100 мың, Астанада 50 мың, Алматы облысындағы саяжаларда 250 мың адам тұрады.  Еліміз бойынша дачалық массивтерде шамамен 700 мыңнан астам адам саяжайды баспана етіп отыр, деп жалғастырды сөзін мәжілісмен.

Бұл ертелі-кеш шешімін табуы тиіс маңызды мәселе. Өйткені саяжайдың көбі тұрақты тұратын баспана мен ірі-ірі ықшам аудандарға айналған. Ал Үкімет осы мәселе бойынша нақты шешімдер қабылдар емес, - деді Бейсенбаев.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

16.11.2024

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

13.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

07.11.2024

Әскерге күштеп алып кетуді қолдаймын – депутат

05.11.2024
MalimBlocks
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Қазақстан рейтингін сыртқы буферлер ұстап отыр

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

Құжат Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға жол ашады

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қазақстан мен Польша арасындағы байланыс дамып келе жатқанын атап өтті

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған

Әскерге күштеп алып кетуді қолдаймын – депутат

Ал мәжілісмен ұлының әскери колледжге оқуға түскенін атап өтті