Ферроқорытпа зауытында зардап шеккендерді ауруханаға қызметтік көлікпен жеткізген

Компания бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді

Мәди Саматұлы

  • 21.07.2024

Зауыттың алыста орналасқанына және шұғыл көмекті барынша тез көрсету қажеттілігіне байланысты алғашқы көмекті көрсетіп, зардап шеккендерді зауыттың кезекші көлігімен ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Malim.kz.

«YDD Corporation» баспасөз қызметінің мәлімдеуіне, кезекші көлік зардап шеккендерді Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізген.

Жұмысшыларға барлық қажетті алғашқы шұғыл және амбулаториялық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, компания қажетті медициналық көмекті көрсету үшін Ресейден ең жақсы дәрігерлер тобының қысқа мерзімде келуін ұйымдастырды. Бұған қоса, қазіргі уақытта Түркиядан дәрігерлердің келуі күтіліп отыр, деп жазды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, компания зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсететінін және аурухананың медициналық қызметкерлерімен және зардап шеккендердің туыстарымен үнемі байланыста екенін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болғанын жазған едік. Онда кенеттен шыққан жалынның салдарынан кәсіпорынның 8 жұмысшысы түрлі дәрежеде жарақат алған.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

25.04.2025

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

22.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Ірі зауыттың мүлкін тонағандар ұсталды

03.03.2025

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

11.02.2025
MalimBlocks
Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Ірі зауыттың мүлкін тонағандар ұсталды

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

Қарағанды облысының шығысындағы жолдарда көктайғақ болады