Киевте шабуылға ұшыраған журналист Айдос Садықов қайтыс болды

Бұл туралы оның әйелі Наталья Садықова мәлімдеді.

Берік Дәулетов

  • 02.07.2024

Киевте шабуылға ұшыраған журналист Айдос Садықов қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы оның әйелі Наталья Садықова мәлімдеді.

Айдос Садықов бүгін Киев уақытымен сағат 03:00-де о дүниеге аттанды. Менің сүйген жарым, үш баламыздың әкесі, қазақ халқының даңқты ұлы. Айдос Қазақстан үшін өз өмірін қиды, киллерлердің қолынан шейіт болды. Он үш күн бойы Айдос реанимацияда өмір сүру үшін күресті, бірақ аман қалмады, – деп хабарлады Айдос Садықовтың әйелі Наталья.

Еске салсақ, бұған дейін Украина бас прокуратурасы қазақстандық журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандықтың мән-жайын жариялаған еді. Ондағы мәліметке сүйенсек, шабуыл жасады деген күдіктілер 2 маусымда Польшадан келген.Күдікке ілінген екеу - Қазақстанның Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев деген азаматтары. 

Күдіктілер журналист Айдос Садықовты өлтіруді мұқият жоспарлағаны нақтыланды. Олар Украинаға 2 маусымда Польшадан келіп, көлікті жалға алып, журналисті бақылаған. Қастандық жасалған күні олардың бірі журналистің көлігіне барып, оқ жаудырған. Екіншісі аңдып тұрған. Содан кейін екеуі де қылмыс орнынан із жасырып кеткен. Сол күні олар Молдоваға өтіп кеткен.

Фото: RFE/RL

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек