Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көпірді жөндеп жатқан жұмысшы суға құлап көз жұмды

Қоғам
Көпірді жөндеп жатқан жұмысшы суға құлап көз жұмды

Батыс Қазақстан облысының Октябрьское ауылында қираған көпірді жөндеуге келген жұмысшы мерт болды. «Мой город» порталының хабарлауынша, 47 жастағы маман қаладағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді.  Ол суға құлап кетіп, көз жұмды.

Оқиға 6 шілдеде орын алған. Көктемгі су тасқыны кезінде Шаған өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қирап қалған болатын.

«Шаған өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде жұмысшы көпірден абайсызда суға құлап кетті. 47 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмады. Марқұмның мәйіті судан шығарылды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді облыстық полиция департаменті.

Еске сала кетейік, көктемде бұл көпірде мұз кептеліп, салдарынан көпір қираған. Ауыл тұрғындары жергілікті билікке көпірді жасап беруді өтініп, бірнеше рет шағымданған. Өйткені қалада жұмыс істейтін тұрғындарға айтарлықтай зияны келген. 

Фото: azattyq-news.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу