«Көре алмаушылық»: Азамат Сатыбалды өзіне наразы болғандарға жауап берді

Күні кеше «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірген еді

Арман Қайыпхан

  • 17.07.2024

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында өзіне қатысты өткізілген наразылық шеруге қатысты жауап қатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Актер қызметкерлердің талап-арызын аяқтан шалу және жала жабу деп есептейтін көрінеді.

«Ей, пендем. Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың. Соны ұмытпа. Жала жабу. Аяқтан шалу. Жұмыс жасатпау. Көре алмаушылық. Бір-екі күнде мақалам шығады. Толық жауап сол жақта болмақ. Аллаға аманат», – деп жазды Азамат Сатыбалды.

Айта кетейік, күні кеше «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірген еді. Өйткені мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген.

Фото: brod.kz

Байланысты жаналықтар

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Қазақстанның екі ауыр атлеті допингпен ұсталды

22.04.2025

Шымкентте "лайк баспайтын" мемқызметкерлер қудаланып жатыр

16.04.2025

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

11.04.2025

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025
MalimBlocks
Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.