«Қарызға баттық!». Жылға жуық жалақы алмаған «Қазақфильм» қызметкерлері бас көтерді (ВИДЕО)

Олар Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалдыны кінәлайды.

Берік Дәулетов

  • 17.07.2024

Былтыр мамыр айында Алматыда бір топ кинорежиссер наразылыққа шығып, ұлттық киноны қолдау үшін жарияланған байқаудың қорытындысымен келіспейтінін мәлім еткен. Ал биыл «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Өйткені мекемеге ақша бөлмегендіктен, жұмыс тоқтап тұр. Олар Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалдыны кінәлайды. «Қазақфильм» ғимаратының алдына келіп, басшымен кездесуді талап етті. Күзетшілер кіргізбей, біраз әбігерге салды. 

Жеті ай бойы қазақ анимациясы жабық тұр. Мемлекет  бөлген ақшаны қазіргі басшылық игермей отыр. Тиісті қағаздарға қол қоймай, қасқана тиісті жұмыстарды жүргізгісі жоқ. Аниматорлардың бәрі жұмыссыз. Анимация берік ұжым еді. Қазір сол ұжымды қаңғытуға айналды. Сыртының бәрі темір түрме сияқты. Түрменің пахандық режимі орнатылуда. Кеше сол сақшылары (поштабайлары) келіп, балалардың бәрін сыртқа қуып шығып, өтірік жала жауып, анимацияны жауып, түрмедегідей шмон жасап жатыр. Бұл кәдімгі бандиттік шабуыл деп бағалау керек. Ешқандай адамгершілік, кісілік қалмаған.

"Азамат, сен де бір киноның баласысың ғой, мынауың не, орынбасары Айдар Омаров неге ол мемлекет беріп жатқан қаржыға қол қоймайды?" - деп осыны айтуға келгенбіз. Әдейі созып отыр. Әділет жоқ. «Әділетті Қазақстаны» қайда? - дейді «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің редакторы Ерлан Төлеутай.  

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев анимацияны дамытайық деп жиі айтатынын, сондықтан қазіргі әрекет президенттің бастамасына жасалынып жатқан қастандық деп бағалайтынын айтады.

Жаңа Қазақстанға, Тоқаевтың саясатына жасалынған қастандық. 7 айдан бері мыналардың бала-шағасы, кредиті бар, олар немен күн көреді деп ойлаймай ма? Ал Азамат Сатыбалды өзі рөлде ойнап жүр, бірақ кімнің рөлін ойнап жүргенін білмейді. Азамат Сатыбалдыны, «Қазақфильмнің» президентін тура осы жерге келіп жауап беруін талап етеміз, - дейді редактор.

Аниматорлардың бірнеше жыл бойы істеген туындыларының бірі — «Алтын адам» атты толық метрлі мульт жобасы былтыр толық аяқталған. Бірақ мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген көрінеді.

Былтырғы тамыз айынан бері біздің ұжым – суретшілер, аниматорлар еңбекақысын ала алмай келе жатыр. Мұнда 5 миллионнан бастап, 3 миллионға дейін жұмыс істеген мамандар бар. Алатын жұмысымыздың ақшасы осы бір жерде ғана. Біз сыртта жұмыс істемейміз. Еңбекақымызды берсін. Қарызға баттық, кредитіміз бар. Бұл жерде бәрімізде келісімшарт бар. Заңды түрде істегенбіз. Қағаз бар. Бір тиынымызды қалдырмай төлесін, - дейді анимация бөлімінің қызметкері Жанәділ Байдарбек.

Еңбекақысын күте-күте қарызға белшесінен батқан өнер адамдары бұл былықты басшылықтың ұйымдастырып отырғанын алға тартады.

Мен енді қаржы маманы емеспін, бірақ қазақ анимацияны дамытамыз деген мемлекеттің үлкен концепциясы бар. Сол үшін қазақ анимация бірлестігін қайта құрып, 1 миллиард теңге қаржы бөлген. Одан кейін оны 500 миллион кесті, сосын 6 ай жұмыс істемейтін етіп қойды. 6 айда бізге пилоттық жобалар берді. Ол пилоттық жоба деген не? Не кинотеатрда, не телевиденияда көрсетуге болмайды. Біз мына ауада жұмыс істеп жатырмыз. Бұрынғы басшылық бәрі шығармашылықтың адамдарына жағдай жасайтын, аялайтын. Ал қазіргі басшылық «Қазақфильмді» жыл сайын қысқартып жатыр. Мысалы бұған дейін, яғни Азамат Сатыбалды келгенше 170-ке жуық киногер бар еді, қазір естіп отырмыз 130-ға түсіпті. Яғни 30-дан аса адамды қысқартып жіберген. Ал енді бұндай қарқынмен «Қазақфильмді» «Ескі Қазақстанға»айналдырып отырған сияқты, - дейді Ерлан Төлеутай.

Ол «Қазақфильмді» қолдан банкрот жариялау науқаны  жүріп жатқанын айтады.

Бұл шығармашылық адамдардың жазығы не? Шығармашылық адамдардың картасына қандай ақша түседі, соған қанағат қылады. Ал енді казір «Қазақфильм» жемқорлыққа айналған компания секілді естіледі. Қолдан банкрот жариялап жерді алу сияқты әрекеттер бар. Анау 162 олигархтың біреуі көз тігіп отырған сияқты. Бұлар соның себебі деп білеміз. Сосын енді қазақта ұлттық кино деген болмау керек деген саясат жүріп жатқанын ішіміз сезеді. Мысалы, ертең «Қазақфильмде» жақсы кино түсірсе әлемдік масштабтағы немесе ұлттық масштабтағы десек, бұл кәдімгі ядролық қару сияқты. Осындай қауіптілігін көріп ұлттық киноның дамуына, көркейуіне қарсы топтар бар бұл жерде. Осылардың барлығы ауыз жаласып біздің қазақ фильмді, оның ішінде Әмен Қайдаров өзінің қаны мен терімен құрған ұлттық анимацияны құрту. Соны осындай күйге алып келді. Шығармашылық мамандар, киногерлерден ешкім жоқ, іште тек қарауыл мен еден жуушылар ғана, - дейді белсенді.

Аниматорлар «Азамат Сатыбалды шықсын!» деп нарызылық танытып шу көтергенімен, «Қазақфильм» басшысы бой көрсетпеді. 

Ал вице-президент Айдар Омаров кездесуге ресми түде жазылу керек екенін айтып, камерамен келген журналистер мен наразылық білдірушілерге ішкі ережелерді бұзып жатырсыздар деп ескерту жасады. 

Қазір директор бос емес. Тек қана қабылдаудың уақытын белгілеп алайық, - деді ол.

«Қазақфильм» өнімін тапсырыс беруші  қабылдамады, қазіргі уақытта сот жүріп жатқанын түсіндірді. Сот процесінің бірі жеңіліске ұшырағандықтан, адвокаттар апелляциялық шағым түсірген. 

Бізге алдын ала 36 миллион аванс берді. Біз жалақыны барынша төледік. Енді шамамен 88 миллион теңге қалды, оны түсіру тобына төлей алмай жатырмыз, - деп түсіндірді өндіріс жөніндегі вице-президент Айдар Омаров.

Азамат Сатыбалдының орынбасары «Алтын адам» жобасы бойынша 88 миллион теңге қарызы бар екенін растап отыр. Бірақ оның жауабы жұрттың көңілін көншітпеді. Сондай-ақ аниматорлардың еңбекақысын бермеген  киностудия мемлекетке бүкіл салықты төлеген. 

«Алтын адам» жобасы бойынша жағдай былай. Бізде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталғымен келісімшарт болды. Олар мультфильмге 2020 жылы тапсырыс берген. Біз туындыны 100 пайыз жасап жібергенбіз. Бірақ тапсырыс беруші қабылдамады. Қазір осыған қатысты сот ісі жүріп жатыр, - дейді «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

«Қазақфильм» АҚ уақытша Айдар Омаров басқаратын болды

01.08.2024

Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен кетті

31.07.2024

Венесуэлада халық президенттік сайлау нәтижелеріне қарсылық білдіріп жатыр

30.07.2024

Тараз әкімдігінің қызметкерлері 100 млн теңгені талан-таражға салған

30.07.2024

«Әуре болмаңдар». Азамат Сатыбалды шеруге шыққан «Қазақфильм» қызметкерлеріне үндеу жасады

23.07.2024

Маман тапшы жерге жұмысқа барғандарға 9 млн теңге беріледі

19.07.2024
MalimBlocks
«Қазақфильм» АҚ уақытша Айдар Омаров басқаратын болды

Бұл ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен кетті

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі кинокомпания басшысының кеткені жөнінде ақпаратты жоққа шығарған еді.

Венесуэлада халық президенттік сайлау нәтижелеріне қарсылық білдіріп жатыр

Наразылық білдірушілер жолдың ортасына құрылыс қалдықтарын шашып, өртеп жатыр. 

Тараз әкімдігінің қызметкерлері 100 млн теңгені талан-таражға салған

Қазір тиісті сараптамалар жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданады.

«Әуре болмаңдар». Азамат Сатыбалды шеруге шыққан «Қазақфильм» қызметкерлеріне үндеу жасады

Актер наразылық шеруді белгілі бір топ ұйымдастырғанын алға тартады.

Маман тапшы жерге жұмысқа барғандарға 9 млн теңге беріледі

Биыл заңға жаңа өзгерістер енді