Қазақстан халқының саны 20 миллион 160 мыңға жақындады

6 айда халықтың жалпы өсімі 125,8 мың адамға жетті

Malim Админ

  • 09.08.2024

1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамға жеткен. Ұлттық статистика бюросы  осындай мәлімет таратты.

6 айда халықтың жалпы өсімі 125,8 мың адамға жетті. Өмірге келген бала саны – 184,7 мың сәби.  Шетінеп кеткендер саны – 66,1 мың адам
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, туудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 24,80 адам) облысының еншісінде. Сондай-ақ Түркістан (24,78) облысы мен Шымкент қаласында (23,55) өсім байқалған.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) байқалды, бұл аталған аймақ халқының жас ерекшелігімен байланысты жағдай.
Тұрақты тұруға келгендер – 14,2 мың адам
Шетелге көшкендер – 6,9 мың адам
Көші-қон сальдосы – 7,2 мың адам
2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға тұрақты тұруға келгендер саны 4,4%, Қазақстаннан кеткендер саны 0,4% азайды.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болған. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 78,2%, ал сонда кеткендердің үлесі – 77%.

Фото: Ашық дереккөз

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

28.10.2024

20 жылдан кейін еліміздің солтүстік өңірі халқының саны 30 пайызға азаюы мүмкін

18.10.2024

2050 жылы Қазақстан халқының саны 26 миллионнан асуы мүмкін

04.06.2024

Халық санын 20 млн-ға жеткізген 5 нәрестенің есімі кім?

16.11.2023

Қазақстан халқы 20 миллионға жетті

16.11.2023

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

05.04.2023
MalimBlocks
Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Отбасы мүшелері үшемдерге Хасан, Фатима, Хусан деп есім берді

20 жылдан кейін еліміздің солтүстік өңірі халқының саны 30 пайызға азаюы мүмкін

Солтүстік өңірлердегі халық санының жыл сайын төмендеуі байқалады

2050 жылы Қазақстан халқының саны 26 миллионнан асуы мүмкін

Туу көрсеткіші азайып, өмір сүру ұзақтығы артқан сайын әрбір жұмысшыға түсетін жүк те ауырлай түседі.

Халық санын 20 млн-ға жеткізген 5 нәрестенің есімі кім?

5 балаға 2 млн теңгеден берілді

Қазақстан халқы 20 миллионға жетті

Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

Осымен екінші жыл туу көрсеткішінің азайғаны байқалады