«Мені өлтірді...»: Лифтідегі бүлдіршіннің анасы мәлімдеме жасады

Арман Қайыпхан

  • 12.02.2025

Астанада лифтіде зардап шеккен баланың анасы оқиғаның егжей-тегжейін баяндап берді, деп хабарлайды Malim.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Оны дүкеннен картоп әкелуге жібергенмін. Өзім кішкентай баламен үйде болдым. Терезеден қарап тұрдым, Батыр үйдің қоңырауын басты. Оған қол бұлғадым. Ал жасөспірім есіктің жанында тұрып, басқа қызға тиіскен екен. Батыр есікті ашқанда, онымен бірге кіреберіске, кейін лифтке жүгіріп кірген. Бұл видеодан көрінеді", - дейді баланың анасы.

Қансыраған бала үйге өзі жетіп, кіреберісте құлап қалған.

"Ол 1-қабаттан 4-қабатқа дейін қансыраған күйде жеткен. Ол үйге кіріп, "ана, мен өліп бара жатырмын, мені өлтірді" деді де жерге құлады. Сол кезде оған не болғанын түсіне алмадым. Оның бетінен қан атқылап жатты, бәрі қанға боялды. Шошып кеттім. Көршілерге қоңырау шалдым, ал олар дәрігерлерге хабарласты. Бақытымызға орай, көршіміз Жандос хирург еді, қан кеткенін тоқтатуға көмектесті, әйтпесе ұлым одан да көп қан жоғалтар еді. Содан кейін оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті", - дейді есеңгіреп қалған әйел.

Полиция оқиға орнына жедел жеткен. Кейінірек лифт пен кіреберістегі бейнебақылау камераларының арқасында оқиға қалай болғаны анықталған.

"Кіреберістегі камералардан жасөспірім лифтке кіріп, кейін шыққаны көрінеді. Алдымен оны  күрекпен ұрған шығар, өйткені лифтіде бірнәрсені бөліспей қалған болар, балалар ғой деп ойладым. Жантүршігерлік видеоны кейінірек көрдім. Ол лифтіні ұстап тұрып, алдымен Батырды күрекпен алаңдатқан. Содан кейін пышақты шығарып, бетіне ұра бастаған. Ал кейін қашып кеткен", - дейді баланың анасы.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, дәрігерлер ауруханада Батырдың бетін тіккен.

"Ауруханада бізге жүйкесі мен артериясы зақымдалғанын айтты. Түнде оның жағдайы ауыр болды. Бізді кіргізбеді. Енді палатаға ауыстырды, есін жиды. Оның сол жақ беті жұмыс істемейді, беті ісінген, оған қоса қант диабеті диагнозы қойылған еді, 1-түрі, оның қашан қалпына келетінін білмеймін", - дейді Батырдың анасы.

Әйел бұл жасөспірімді бұрын-соңды тұрғын үй кешенінде көрмегенін айтады. Зардап шеккен баланың анасы оған ең қатаң жазаны талап етіп отыр.

Пышақ кейінірек тұрғын үй кешенінен 250 метр қашықта, балабақша маңынан табылған.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада лифтіде баланың бетін пышақтаған жасөспірім ұсталған еді.

Фото: Астана ПД

Байланысты жаналықтар

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

13.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025
MalimBlocks
Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті