Мопедтерді тіркеу үшін нені білу қажет?

Мәди Саматұлы

  • 20.01.2025

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оларды пайдалану үшін:

полицияда тіркелу;

- А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;

- техникалық тексеру;

- азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.

Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:

- жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);

- мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.

Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.

Маңыздысы, 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз, деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

14.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025
MalimBlocks
Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталды. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты