«Нұрсұлтан Назарбаевты сызып тастау керек». Қалдыбек Құрманәлі қазақтың жағымпаздығын сынады

Сазгер әнұранның түпнұсқасын қайтару керегін атап өтті.

Сабина Асқарқызы

  • 26.06.2024

Танымал сазгер Қалдыбек Құрманәлі Ашық подкаст алаңында әнұранның авторлығын қайта қарап, ескі нұсқасын қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сазгер көпшіліктің биліктегілерге жиі жағымпазданатынын айтып, қолпаштайтынын атап өтті.

Осыдан 70 жыл бұрын “Менің Қазақстаным” әні жазылды. Анығында  1956 жылы 25 қазанда дүниеге келді. Өлеңін жазған Жұмекен Нәжімеденов, небәрі 21 жаста болған. Шәмші Қалдыаяқов әнін жазған. Оның жасы 26 жаста болған. Кейін күллі мемлекет шырқайтын әнұранға айналды. Авторына Нұрсұлтан Назарбаевты қосып қойды. Бірақ Назарбаевтың өзі жазғанына күмәнмен қараймын. Басқа бір ақынға қолға салған сияқты. Бұл енді жеке ойым. Қазақтың жағымпаздығы қашан да өзімен бірге еріп жүреді. Қазақтың бәрінің өнерге таласы бар. Кімнің қолында билік бар, соған жалпақтаймыз. Алдына түсіп, барымызды береміз. Сол дұрыс емес.  Маңайында жүргендер "Ой, сіздің өлеңіңіз күшті ғой, әнді жақсы айтасыз, даусыңыз керемет" деп өзіміз қолпаштайды, қолтығына су бүркиді. Анау соған сеніп қалады. Назарбаевқа да сөйтті деп ойлаймын. Әйтпесе Назарбаевқа сол әннің мәтінін жазғаннан абыройына абырой қосылған жоқ қой. Әлі күнге дейін сынап жатыр. Авторлар қатарынан сызып тастау керек, – деген пікір айтты сазгер. 

Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша, әнұранның түпнұсқасын айту халыққа қиындық тудырмайды.

Назарбаевты авторлар қатарынан алып тастаса, ешкім оған реніш білдірмейтін секілді. Сосын түпнұсқадағы мәтінді қайтадан енгізсін. Онда тұрған не бар, түк те қиын емес. Бұрынғы сөзі керемет қой. Енді мұның бәрі қазіргі Президентке байланысты, мемлекеттік басында отырған депутаттарға байланысты. Халық айтудай-ақ айтып жатыр. Соған кірісу керек. Не қиындығы бар, Астананың атын бірнеше мәрте ауыстырғанда, әнұрандағы авторды сызып тастау түк те қиын емес тірлік. Бәлкім Президенттің бұған уақыты болмай жатқан шығар. Оған уақыты жоқ дейін десек, насыбайға тыйым салып жатыр. Күлкің келетін нәрсе. Насыбай ел басшысының деңгейіндегі әңгіме ме?!, – деді Қалдыбек Құрманәлі.

Байланысты жаналықтар

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

30.04.2025

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

01.04.2025

Рахат Әлиев Назарбаевтың сөзіне мырс етіп күлетін - Рахман Омар

28.02.2025
MalimBlocks
Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

Ол әжесіне арнап жазба жариялады.

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталған

Рахат Әлиев Назарбаевтың сөзіне мырс етіп күлетін - Рахман Омар

Рахман Омар Назарбаев әулетінен алған гонорары туралы айтып берді