Олжас Бектенов мұнай саласының ардагерлеріне марапаттар табыс етті

Арман Қайыпхан

  • 04.09.2024

Премьер-Министр Олжас Бектенов қазақ даласында мұнай өндірісінің басталғанына 125 жыл толуына орай мұнай-газ кешенінің ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтап, ел экономикасы құрылымындағы саланың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет басшысы марапаттау рәсіміне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанды әлемдік энергетика нарығындағы жетекші ойыншылар қатарына қосқан сала ардагерлері, мұнайшылар, инженерлер мен ғалымдардың жанқиярлық еңбегі мен қажыр-қайраты үшін алғысын білдірді.

Премьер-Министр мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының атынан еңбегімен ерекше көзге түскен мұнай-газ кешенінің 40 қызметкеріне марапат табыс етті. «Парасат» орденімен еңбек ардагері Махаш Рахметов, мұнайшы ардагер Олег Герштанский, сала сарапшысы Махамбет Досмұхамбетов, «Құрмет» орденімен мұнайшы ардагерлер Төремұрат Жармағамбетов, Рахман Исаев, Мадыхат Нұрмұханов, Нағанғали Өтеев, құбыршы Марат Тағанбаев, Шакимұрат Шамаров, IІI дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен ардагер мұнайшы Келтір Шаненов, технологиялық компрессорлар машинисі Ахмед Шадинов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен мұнайшы ардагерлер Әбдірахман Қазиев, Қадырхан Өтесінов, слесарь-жөндеуші Есімбек Бердалиев, мұнай және газ операторы Көшербай Өтебаев және басқа да қызметкерлер марапатталды.

Олжас Бектенов елімізде «қара алтынның» айтарлықтай қоры бар екенін атап өтті. Расталған мұнай қоры 4 млрд тоннадан асады, бұл көлеммен Қазақстан әлемдік нарықтағы маңызды ойыншылардың біріне айналады. Мұнай экспортының жаңа бағыттары ашылды, оның ішінде Каспий бағыты бар.

Еліміз арқылы мұнай мен газ транзитінің көлемі артып келеді. Қазақстанның ұлттық KEBCO мұнай бренді іске қосылды, ресурстық базаны кеңейту, геологиялық барлаудың инвестициялық тартымдылығын арттыру, өндірісті ұлғайту, жаңа жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту міндеттерін атап өтті. Саладағы жетістіктеріміз мұнай өндіру және оны тасымалдаумен ғана шектелмейді. Көмірсутектерді ішкі өңдеу саласын дамытуға көп күш жұмсалады. Атырау облысында полипропилен өндіретін зауыттың ашылуымен толыққанды мұнай-газ химиясы кластері құрылды. Алда полиэтилен және бутадиен шығаратын жаңа жобалар тұр. Аталған кәсіпорындар импортты алмастыруға ықпал етіп қана қоймай, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қажетті жағдай жасайды. Алдағы жылдары жаңа газ өңдеу зауыттары салынады. Мұнай-газ кешені келешекте де экономикамыздың қозғаушы күшінің бірі болып қала бермек. Біз саланы инновациялық технологияларды енгізу арқылы және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, одан әрі дамытуды көздейміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отандық мұнай-газ химиясын дамыту және полиэтилен, полиэтилентерефталат және карбамид өндіру жобаларын іске асыру ішкі сұранысты қанағаттандыруға және қосылған құны жоғары отандық технологиялық өнім экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

26.03.2025

Үкімет қытай тарапымен мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

24.03.2025

Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесті

19.03.2025

Бектенов тарихи құжаттың бәрін цифрландыруды тапсырды

18.03.2025

Тек ақша табуды ойламай, киноның сапасына мән беру қажет – Бектенов

18.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елдегі қоқыс полигондарының жағдайына байланысты ескерту жасады

Үкімет қытай тарапымен мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден аса мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

Олжас Бектенов екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесті

Кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды салу және жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыруға назар аударылды.

Бектенов тарихи құжаттың бәрін цифрландыруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов тарихи құжаттарды сақтау мақсатында бәрін цифрландыру керегін айтты

Тек ақша табуды ойламай, киноның сапасына мән беру қажет – Бектенов