457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оралда құмар ойынға қатысқан 16 шенеунік жұмыстан босатылды

Букмекерлік кеңселерге «бәс» тіккен шенеуніктер жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Орал қаласының прокуратурасы аталған талаптардың орындалуын талдап, әкімдік, кірістер және полиция басқармаларының жекелеген қызметкерлерінің букмекерлік кеңселер арқылы ойындарға қатысқанын анықтады.

Қадағалау нәтижесінде 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 16 қызметкер қызметінен босатылды.

Мәселен, Орал қаласы әкімдігінің бір қызметкері 2021–2025 жылдар аралығында «OLIMPBET» жүйесіне 34 млн теңгеден астам қаражат аударып, заң өзгергеннен кейін де ойынға ақша салуды жалғастырған.

Орал қаласының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қадағалауды жалғастыруда.

Фото: pixabay