457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оралда түнгі клуб күзеті ұйымдасқан қылмыстық топқа айналған

Оралдағы түнгі клубтардың бірінде күзетші қызметін атқарған 17 адам келген адамдардың қауіпсіздігін күзетудің орнына оларды ұрып-соғып отырған, деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күзетшілер ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, тек Орал қаласында ғана емес, Алматы, Ақтау қалаларында да әрекет еткен. Осы он жеті адамның бәрі Батыс Қазақстан облысының тумасы.

«Арнайы операция кезінде полиция 17 адамды ұстап, оның сегізін уақытша қамау изоляторына жапты. Тергеу барысында анықталғандай, күзетшілер келушілерге жүйелі түрде және негізсіз күш қолданған, соның салдарынан жәбірленушілер ауыр жараланған. Көп жағдайда жәбірленушілер құқық қорғау органдарына шағымдануға қорқып, үнсіз қалған», - деп хабарлайды полиция.

Қазір күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде: екі немесе одан да көп адамды қасақана ауыр жаралау; топпен жасалған бұзақылық.

«Тінту кезінде күдіктілерден 7 радиостанция (соның ішінде біреуі — полиция қызметкерлеріне арналған байланыс құралы), пышақ, көзді ашытатын газ баллон, бейсбол таяғы, жақын шетелдерге тиесілі болуы мүмкін 10-ға жуық нөмірлер», - деп хабарлайды полиция.

Фото: Polisia.kz