Полиция 11 жастағы қыздарға хат жазған блогерге қатысты пікір білдірді

Арман Қайыпхан

  • 10.01.2025

Алматы қаласы полиция департаменті әлеуметтік желіде шу тудырған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Танымал блогер Құлпынай Калменова желіде күйеуімен ажырасуына кішкентай қыздармен көңіл жарастырып, педофилизмге бой алдырғаны себеп болғанын жазды. Блогер бұрынғы күйеуі Қолғанаттың ұялы телефонынан кішкентай қыздармен сөйлескен хаттарын, бірге түскен фотоларын тауып, оны желіге жариялады.

Блогер 10-11 жастағы қыздардың аналарына сол күні ескерткенін айтты. Алайда кішкентай қыздардың аналары бұл жағдайға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын жеткізді. Ол таратқан видеода күйеуінің Whatsapp-та екі кішкентай қызды "Айшам" және "Тырысқағым" деп сақтап қойғанын байқауға болады. Сондай-ақ ол қыздарға түнде "ғашық болып қалдым", "кешірші, жаным" деп жазған.

Кейін Қолғанат Жұмабаев қыздардың ата-аналарымен видео жариялады. Ол жерде қыздардың ата-аналары Қолғанат оларға аға ретінде қарайтынын және Құлпынай Калменованы сотқа беретінін айтады.

Бұл жағдай желіде қатты шу тудырды. Бұл оқиғаны танымал коуч Роза Әшірбаева, адвокат Жанна Уразбахова және басқа да блогерлер таратып, балалардың құқықтарын қорғау органдарынан көмек сұрап жатыр.

Полиция не дейді?
Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Жала жабу фактісі бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын жұбайына қатысты өтінішпен жүгінді. Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Педофилия фактісі бойынша полицияға арыздар мен өтініштер түспеді, деп жауап берді ПД.

Еске салайық, бұған дейін балалар психологы Ақгүл Амантайқызы осы жағдайға байланысты пікір білдіріп, ата-аналар білуі керек педофилия жайлы ақпаратты бөліскен болатын.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

14.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025
MalimBlocks
Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

Блогер оның таза көңіліне ғашық болыпты.

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады