Президент су тасқынына байланысты тілеулестік танытқандарға алғыс айтты

Тоқаев зардап шеккендердің шығындары өтелетінін, бірде-бір адам назардан тыс қалмайтынын тағы қайталады. 

Malim Админ

  • 09.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.

Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апат орын алған сәттен бері менің атыма достас мемлекеттердің басшыларынан жылы лебіздері мен көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсіп жатыр. Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын жүректен алғыс айтады, – деді Президент.

Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Дағыстан азаматы Атырауға көмек ретінде 50 мың дана қап әкелді

Тоқаев зардап шеккендердің шығындары өтелетінін, бірде-бір адам назардан тыс қалмайтынын тағы қайталады. 

Менің тапсырмам бойынша Премьер-министр бастаған республикалық штаб төтенше жағдайдың салдарын барынша азайту үшін пәрменді шаралар қабылдап жатыр. Зардап шеккен барлық азаматқа қажетті көмек көрсетілуде. Олардың бүкіл шығындары өтеледі. Бірде-бір адам назардан тыс қалмайтынын жуырда отандастарыма арналған үндеуімде айттым. Апатқа қарсы күрес жалғасуда.

Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытып, бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады. Қазақстан азаматтарына шын жүректен алғыс айтамын, – деп жазылған Президенттің Instagram парақшасында.

Бұған дейін Түркия су тасқынына байланысты Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Қырғыз елі Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық көмек жөнелткенін хабарлаған едік.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Енді сарбаздардың психикалық жағдайы жасанды интеллектімен тексеріледі

16.05.2025

Астанада пранк жасап, жұртты шошытқан блогерлер қамауға алынды

16.05.2025

Перуашев КазТАГ мақаласына қатысты павлодарлық шенеуніктердің мәлімдемесін орынсыз деп атады

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

«Ломтадзе, халықтың алдына шық!»

15.05.2025
MalimBlocks