Қазақстанда игі істер марафоны басталды

Бірегей жоба барлық қазақстандықтардың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына ықпал етпек

Арман Қайыпхан

  • 09.07.2024

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасын бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл бірегей жоба барлық қазақстандықтардың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында халқымыздың қанына жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер сіңгенін атап өткен еді.

Осы орайда ұйымдастырушылар «Игі істер марафоны» халықтың жанашырлық қасиеттерін көпке насихат етіп, аталған сөздердің жарқын дәлелі болатынына сенім білдіреді.

Жоба аясында күнтізбедегі маңызды күндерге, халықаралық  және түрлі әлеуметтік және мәдени тақырыптарға арналған «Жақсылық апталығы» мен жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Тақырыптар атауы жыл сайын өзгеріп отырады, бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі салаларына қызығушылықты арттыра отырып, өзекті мәселелердің алуан түрлілігі мен кең ауқымын қамтиды.

«Игі істер марафонының» осы аптасы экологияға арналады. Жобаға қатысу үшін жасаған игі іс туралы әлеуметтік желілерде ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет.

Марафон қорытындысы бойынша, ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Жобаға қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты Qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады және әлеуметтік желідегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан таба аласыздар.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байланысты жаналықтар

Президент Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

22.07.2024

Астанада креативті хаб ашылды

17.07.2024

Сахнада жас қыздармен билеген Нұрболат Абдуллинге айыппұл салынды

16.07.2024

Фариза Төреәлі бір тәулікте оқырмандарынан 46 млн теңге жинап алған

12.07.2024

Қара маска таққан жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлап, жұмыс тауып берді (ВИДЕО)

19.06.2024

«Бес мың доллар сұрады». Актер Алмат Сақатов атақсыз жүргеніне Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптады

05.06.2024
MalimBlocks
Президент Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада креативті хаб ашылды

Сахнада жас қыздармен билеген Нұрболат Абдуллинге айыппұл салынды

Фариза Төреәлі бір тәулікте оқырмандарынан 46 млн теңге жинап алған

Блогер оқырмандарынан көмек сұрады

Қара маска таққан жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлап, жұмыс тауып берді (ВИДЕО)

Ол егістікке Мерген деген кісіні іздеп барған

«Бес мың доллар сұрады». Актер Алмат Сақатов атақсыз жүргеніне Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптады

Ол экс-министрдің ықпалымен атаққа қол жеткізбегенін айтады.