Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 059 адам (29,6%), Өзбекстан – 1 815 адам (13,2%), Үндістан – 1 192 адам (8,6%), Түркия – 1 068 адам (7,7%).

Malim Админ

  • 27.05.2024

1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 733 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 564 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 599 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 592 және 549 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 639 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 790 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 762 жұмыс беруші бар.

Оларда 455,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 99% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 222 адам (30,7%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 686 адам (12,2%), әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 652 (12%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 276 адам (9,2%), өңдеу өнеркәсібі – 1 300 адам (9,4%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 806 адам (5,8%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 059 адам (29,6%), Өзбекстан – 1 815 адам (13,2%), Үндістан – 1 192 адам (8,6%), Түркия – 1 068 адам (7,7%).

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Фото: balreport.ru

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады