Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Malim Админ

  • 20.05.2024

Цифрлық даму министрлігі Астанада жоспарланған Digital Bridge 2024 халықаралық ІТ-форумын өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство мұндай шешімді президенттің тиісті тапсырмасынан кейін қабылдаған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты ірі іс-шаралардан бас тарту туралы тапсырмасына сәйкес Digital Bridge 2024 халықаралық ІТ-форумын өткізбеу туралы шешім қабылданды. Форум Астанада осы жылдың 5-7 қыркүйегіне жоспарланған болатын, - делінген хабарламада.

Министрлік биылғы су тасқыны Қазақстандағы соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болғанын еске салды.

Осыған байланысты ауқымды қиратулардың салдарын жою және ел азаматтарына көмек көрсету үшін қаражатты үнемдеу мақсатында президент үкіметке жоспарланған имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізуден бас тартуды тапсырды, - деп түсіндірді ведомстводағылар.

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді. Форум IT-индустрияның соңғы тенденциялары мен даму перспективаларын талқылауға арналған Орталық Азиядағы ең ірі алаң болды.

Айта кетері, 2020 жылы халықаралық іс-шара COVID-19 пандемиясына байланысты өткізілген жоқ.

Digital Bridge ұйымдастырушылары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub халықаралық технопаркі форумға қатысуға ниет білдірген барша жанға алғыс білдірді.

Министрліктің ақпаратынша, Digital Bridge халықаралық IT-форумы өз жұмысын 2025 жылы қайта бастайды.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды