Қазақстанның «электронды үкіметін» Африка елдері қолдана бастады
Министр Қазақстанда сәтті іске асқан «электрондық үкімет» жобасы өзге елдерге енгізілгенін атап өтті
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның GovTech технологиясындағы жетістіктерін атады.
«GovTech технологиясындағы цифрлық өнімдеріміз халықаралық деңгейге шығып жатыр. 2023–2024 жылдары экспорт көлемі 1,36 млрд теңге болды. Қазақстанның «электрондық үкімет» саласындағы озық шешімдерін Тәжікстан, Того және Сьерра-Леоне сияқты елдер пайдалана бастады», - деді Жаслан Мәдиев.
Министр Қазақстанда сәтті іске асқан «электрондық үкімет» жобасы өзге елдерге енгізілгенін атап өтті.
«Біз экспорттайтын негізгі компонеттерге Smart Data Ukimet, Smart Bridge және GOV.KZ құралдары кіреді. Осылайша, Қазақстан цифрландыру саласындағы бәсекеге қабілетті екенін растап, GovTech шешімдеріне жаңа нарық ашып отыр», - деді ведомство басшысы.
Фото: gov.kz