Құқық қорғау жүйесінде реформа жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру керек – Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты жағдайды ушықтырмауға шақырды

Мәди Саматұлы

  • 12.10.2024

Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдіріп, бұл істі тергеуде барынша ашықтық пен әділдік қажет екенін атап өткен. Сондай-ақ, кінәлілердің барлығы заң алдында жауапқа тартылып, өз жазасын алуы тиіс екенін баса айтқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, полиция мен прокуратура ешкімнің жазадан құтылып кетпеуін қамтамасыз етуі керек. Бұл қылмыс құқық қорғау органдарында жүйелі реформаларды іске асыруға себеп болуы қажет.

Бұл заңның талабы ғана емес, қоғам алдындағы парызымыз. Кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейді. Қақтығысты ушықтырмай, өз наразылығымыз бен позициямызды білдіру кезінде заңды бұзбай, оңтайлы жолды қолданған жөн. Барлық мәселені заң аясында шешуге болады және біздің қоғамда кез келген мәселе солай шешілуі қажет, деді Мәжіліс депутаты.

Ол сонымен қатар, бұл қайғылы оқиғаны қасақана түрде жағдайды тұрақсыздандыру үшін пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын да жазған.

Сондықтан қазір арандатуға бой алдырмау, әділ жазаны қамтамасыз ету және құқық қорғау жүйесінде терең, жүйелі реформалар жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру аса маңызды. Тексерілмеген ақпараттарды таратып, елді дүрліктірмейік. Барлық шешім тек заң шеңберінде қабылдануы тиіс. Құқық қорғау органдарының қажетті күштері толық жұмылдырылды, деп жазды ол.  

Фото: Facebook/Askhat Aimagambetov

Байланысты жаналықтар

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

02.04.2025

"Бассыздық". Депутат Шу өзенінің арнасы бұрылып жатқанын мәлімдеді

02.04.2025

Дәулет Мұқаев іш киімдерін қалай жинайтынын көрсетемін деп сынға қалды

01.04.2025

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025

"Азамат төлемесе, шығарылады. Министрлік төлемесе, ештеңе болмайды". Аймағамбетов МӘМС-ті сынап тастады

27.03.2025
MalimBlocks
АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

"Бассыздық". Депутат Шу өзенінің арнасы бұрылып жатқанын мәлімдеді

Дәулет Мұқаев іш киімдерін қалай жинайтынын көрсетемін деп сынға қалды

Ол заттардың жинақы тұрғанын құп көреді екен.

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

"Азамат төлемесе, шығарылады. Министрлік төлемесе, ештеңе болмайды". Аймағамбетов МӘМС-ті сынап тастады

Депутат Асхат Аймағамбетов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азамат пен мемлекет жарнасына қатысты шағым айтты