Қытай халқы санының 60 жылдан кейінгі азаюы

Үндістан Қытайдан озғалы тұр

  • 18.01.2023

«2022 жылы Қытай халқының саны соңғы 60 жылда бірінші рет қысқарып, 2021 жылмен салыстырғанда 850 мың жанға кеміген» деп хабарлайды  bbc.news.

Елдегі бала туу қарқыны құлдырап, төменгі рекордтық межеге жеткен. 1000 адамға шаққанда жеті нәресте ғана дүниеге келген.

Қытайдағы адам саны қазір 1,4 млрдтан сәл асады. Туу қарқыны жоғары Үндістан халық саны жағынан Қытайды бүгін-ертең озып кеткелі тұр.  

Қытайда бала туу қарқынының құлдырауы көптен бері жалғасып келеді. Бұл үрдісті тоқтату үшін 1979 жылы қабылдаған бір отбасына бір бала саясатынан осыдан жеті жыл бұрын бас тартқан да болатын. Алайда, күткен нәтиженің келетін түрі жоқ.

2021 жылы өткен халық санағы (он жылда бір рет өтеді) Қытай халқы бірнеше онжылдықтардан бері ең баяу қарқынмен өсіп жатқанын көрсеткен.  

Қытай халқының қартаю үрдісі елде жұмыс күшінің жетіспеуіне, денсаулық сақтау саласына, жалпы әлеуметтік салаға ауыр салмақ түсіргелі тұр.

Қытайдың Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылы туу қарқынының ең төменгі шегі көрінген. 2021 жылы 1000 адамға шаққанда туу деңгейі 7,52  болса, 2022 жылы ол  6,77 түскен. Салыстыра қарасақ, 2021 жылы АҚШ-та 1000 адамға шаққандағы туу деңгейі  - 11, 06 болса, Ұлыбританияда - 10,08, ал, Үндістанда - 16,42.

Сондай-ақ, Қытайда 1976 жылдан бері алғашқы рет туу деңгейінен өлім деңгейі артып отыр:  1000 адамға шаққанда өлім деңгей 7,37 (туу деңгейі 6,77).

Мамандардың айтуынша, мұндай статистика алдымен демографиялық, сосын ұзақ мерзімде әлеуметтік дағдарыстың алғы шарты болуы мүмкін.

 

Пандемия салдары мен шолақ саясаттың жаңғырығы

Мамандардың пікірінше, Қытайдағы қазіргі жағдайға үш себеп бар.

Біріншісі, жұмыс орнын азайтқан, халық табысы мен денсаулығына кері әсерін тигізген пандемия.  

Екіншісі, бір отбасыға бір бала шолақ саясатының жаңғырығы. Осы саясат іске асқалы елде ұл бала саны күрт өскен. Өйткені әр отбасы жат жұрттық қыздан гөрі, ұрпақ жалғар ұл қалаған. Жасырын түсік арқылы қыз баланың жолын кескен. 2016 жылы бір отбасыға бір бала саясатына шектеу қойылғанымен, бір үйде жалғыз өскен ұрпақ ержетіп, олар көп балалы болғысы келмей қалған.

Үшіншіден, Қытай қоғамындағы әйелдің орыны. Қазіргі таңда Қытай үкіметі бала санын көбейтуге түрлі бағдарлама қабылдағанымен, оның нәтижесі нақты статистикада көрінбей тұр. Себебі, Қытай әйелдері бала туып қиналғысы келмейді. Өйткені, бала туатын әйелге жағдай жасалмаған. Әлеуметтік көмек аз, бала бағу қиын. Сондай-ақ, Қытай қоғамы әлі де консервативтік көзқараста. Әйелдің орыны ошақтың қасында деп біледі.   

Қытай басшысы Си Цзиньпин 2022 жылдың қазанында өткен Компартия құрылтайында бала туу қарқынын көбейту, халықтың қартаюын шектеуге бар күшін салатынын мәлімдеген де болатын.    

Сарапшылардың ойынша, консервативтік танымдағы қытай билігіне қытай әйелінің қоғамдағы рөлін жақсарту қандай қиын болса, бала туу қарқынына тікелей әсер ететін экономикадағы кері кетуді реттеу соншалықты қиын шаруа болмақ.  

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьерімен экономикалық ынтымақтастық жайын талқылады

04.11.2024

Астана халқының саны 1,5 миллионнан асты

04.11.2024

Премьер-миинистр Қытайдың ірі компания өкілдерімен кездесті: 2,5 млрд долларлық келісім жасалды

04.11.2024

Қазақстандық инновациялық жоба халықаралық сайыста үздік шықты

03.11.2024

TikTok-ты ойлап тапқан Чжан Имин ең бай адам атанды

30.10.2024

Анна Данилина WTA-1000 турнирінде жеңіске жетті

13.10.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьерімен экономикалық ынтымақтастық жайын талқылады

Астана халқының саны 1,5 миллионнан асты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел астанасындағы халық саны 1 502 102 адамға жеткен.

Премьер-миинистр Қытайдың ірі компания өкілдерімен кездесті: 2,5 млрд долларлық келісім жасалды

Қазақстандық инновациялық жоба халықаралық сайыста үздік шықты

Жобаны студенттер командасы жасаған

TikTok-ты ойлап тапқан Чжан Имин ең бай адам атанды

Оның байлығы шамамен 50 миллиард долларға бағаланады

Анна Данилина WTA-1000 турнирінде жеңіске жетті

Бұл оның мұндай деңгейдегі алғашқы жеңісі