Референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталды

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Telegram парақшасында жазды

Malim Админ

  • 04.10.2024

Бүгін елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум аясында тура 400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталады. Оны Қазақстанның саяси тарихындағы ең ұзақ науқан деуге толық негіз бар.

Неге 400 күн? Себебі Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы идеясын былтыр, яғни 2023 жылғы 1 қыркүйекте кезекті Жолдауында айтты. Дәл сол күні референдумға қатысты ауқымды жұмыс басталды деуге болады.

Осы уақыт ішінде әр аймақта қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды, ақпарат кеңістігінде сарапшылар мен қоғам белсенділері жан-жақты пікір алмасты. Жалпы, осы науқан байсалды түрде, өзара түсіністік жағдайында өтті.

Рефендум кезінде еліміздегі қоғамдық күштер алғаш рет саяси емес, экономикалық мүдде тұрғысынан күш-жігерін біріктіргенін атап өткен жөн. «Amanat» партиясының бастамасымен 6 саяси партия және 20-дан астам қоғамдық бірлестік Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрды.

Штаб мүшелері барлық өңірдің тұрғындарымен кездесу өткізді, оған энергетика саласының жетекші сарапшылары мен мамандары қатысты. Осылайша, азаматтарымыздың Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға қатысты байыпты тоқтамға келуіне мүмкіндік берілді.

Фото: Ақорда
 

Байланысты жаналықтар

Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

15.11.2024

Алматылық жастар референдум қорытындысын талқылады

08.10.2024

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

06.10.2024

Референдумда қазақстандықтардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

06.10.2024
MalimBlocks
Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

Алматылық жастар референдум қорытындысын талқылады

Жастар атом энергиясын пайдалану елдің тұрақты дамуына және болашақ ұрпақ үшін сенімді энергия көзін қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдірді

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Қазақстан бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс берілді.

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

Бақылаушылар арасында 6 елдің аккредиттелген тұлғалары бар

Референдумда қазақстандықтардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

Мұндайда референдум өтті деп санауға болады