Семейде шыршадан мұғалімнің оқиғасына байланысты әкім орынбасары тергеуге алынды

Арман Қайыпхан

  • 23.01.2025

Бас прокурор Берік Асылов жаңа жыл қарсаңында шырша безендіру кезінде құлап, ауыр жарақат алған семейлік мұғалімнің ісі бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

2024 жылдың 21 желтоқсанында Қуат АйтҚалиев есімді мектеп мұғалімі шырша безендіру жұмыстары кезінде биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған болатын.

Бас прокурор Берік Асылов  мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың сауалына жолдаған жауабында іс қалай тергеліп жатқанын айтқан.

Ол Семей қалалық полиция басқармасы ҚК-нің 632-бабының 4-бөлігі (ауыр зардаптарға əкеп соққан билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын атап өтті.

2024 жылдың 22 желтоқсанында басталған тергеу барысында, бұл оқиғаға қатысы бар қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев, мұғалімдерді өз міндеттеріне кірмейтін жұмыстарға тарту үшін жауапкершілікке тартылып, 27 желтоқсан күні күдікті деп танылды. Қазіргі уақытта тергеу прокуратураның бақылауында жүріп жатыр, - дейді бас прокурор.

Сонымен қатар, полицияға оқыс оқиғаға қатысты арнайы акт жіберіліп, жұмыс берушіге қатысты шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, №19 және №40 мектептердің директорлары да өз мұғалімдерін заңсыз жұмысқа тартқандығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың бәріне ескерту берілді. Қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.


Абай облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменті де білім беру мекемелерінің басшыларын ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 409-бабы, 7-3 тармағы, 1-ші тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл кодекс бойынша педагогтерді кәсіби міндеттерімен байланыссыз жұмысқа тартуға болмайды, тек заңмен бекітілген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Облыстық еңбек инспекциясы комитетінің департаменті де оқыс оқиғаны арнайы тергеу жүргізіп, жұмыс берушінің толық кінәсін анықтады.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

Маңғыстау облысында жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

13.04.2025
MalimBlocks
«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

Маңғыстау облысында жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр