Шерзат Полат ісіндегі тосын жайт: адвокаттар бір-бірін айыптап жатыр

Талдықорғанда қоғам назарына ілінген Шерзат Полаттың сот процесінде тосын дау тұтанды деп хабарлайды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ertenmedia-ға сілтеме жасап.
Жәбірленуші тараптарының адвокаттары өзара келіспей қалған.
Нұрымовтар әулетінің сөзін сөйлеген адвокат Бағдат Амандосұлы сот процесінен не үшін шеттетілгенін ашып айтыпты.
Ол істегі кейбір талаптармен келіспегенін, кәсіби пікірінің ескерілмей қалғанын жеткізді.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, бастапқыда қорғаушылар тобына қатаң шарт қойылған.
"Сотта мен ғана сұхбат беремін, тек мен сөйлеймін. Қарсы шыққандардың барлығы істен кетеді. Сендер жалдамалы жұмысшысыңдар, ал бұл іс – менікі".
Амандосұлы нақты есімді атамаса да, желідегі жұрт бұл пікір адвокаттар тобының жетекшісі Мейірман Шекеевке тиесілі деп топшылайды.
"Бұл істе әділет іздеудің орнына, бір адамның танымалдылығы мен беделін көтеруге бағытталған әрекеттер байқалды. Менің кәсіби пікірім ескерілмеді, ал сұрақ қойған немесе ұсыныс жасаған әріптестерім – Жандос Палманов пен Нұрболат Ибраев та істен шеттетілді. Мұндай монополияны қабылдау мүмкін емес. Мен бұл іске біреудің имиджі үшін емес, шындық үшін келгенмін", – дейді адвокат.
Амандосұлы халық сенімін ақтау үшін барын салғанын атап өтті. Оның айтуынша, жәбірленушінің қасіреті ешкімнің жеке танымалдығы мен хайпының құралына айналмауға тиіс.
"Мен біреудің көлеңкесінде қалғым келмейді. Себебі бұл істегі қан хайп құралы емес", – деп қорытындылады ол.
Фото: әлеуметтік желі

Самое читаемое
