Су тасқыны: Қостанай облысында бөгеттер бұзылған жоқ

Бүгінде облыстағы су қоймалары 90-100%-ға а толған.

Malim Админ

  • 11.04.2024

Қостанай облысында еріген суды сорып, қаптарды төсеу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнайы қызметтер, еріктілер мен барлық бейжай қарамайтын қостанайлықтардың күш-жігерінің арқасында негізгі бөгеттер қирамай, аман қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

11 сәуірде Қостанай облысының әкімдігі хабарлағандай, өңірлік жедел штабта төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмі әзірленіп, күштер мен құралдар жұмылдырылып, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдар бір кісідей жұмыс атқаруда.

Аймақтың барлық су қоймаларындағы су ағыны бақыланатын ағызу көлемінен асқанына қарамастан, су деңгейі сағат сайын өлшеніп отырды.

Бүгінде облыстағы су қоймалары 90-100%-ға а толған.

Мемлекеттік, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, құтқарушылардың күш-жігерінің арқасында бұрын-соңды болмаған су тасқыны кезінде барлық негізгі бөгеттер бұзылған жоқ.

Бүгінгі таңда Қаратомар су қоймасындағы судың ағуы 900 м3/сек, ағыны - 945 м3/сек құрайды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша Тобыл өзені мен Түнтегір өзендері бойынан 9099 адам эвакуацияланып, 325 адам уақытша орналастыру пункттеріне, қалғандары туыстарына көшірілді. Уақытша орналастыру пункттерінде барлық жағдай жасалуда. Үш мезгіл ыстық тамақ беріліп, барлық қажетті заттармен (жеке гигиена құралдары, ауыз су, дәрі-дәрмек және т.б.) қамтамасыз етілген.

Облыс бойынша су тасқыны кезеңінде шамамен 849,8 мың м3 су сорылды. 98 мың қап құм төселіп, 7 651 тонна инертті материал төгілді.

Фото: top-news.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбеде аудан халқының қайықпен қатынаудан басқа амалы қалмады

16.03.2025

Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті

12.03.2025

Су тасқыны кезінде миллиардтаған қаржы жиналған Перизат Қайраттың қоры жабылды

26.02.2025

Тасқынды алдын ала болжайтын жүйе іске қосылды

18.02.2025

Елімізде су тасқыны қаупі бар елді мекендер саны 1200-ден асады

14.02.2025

Министр: Су тасқынына сақадай саймыз

13.02.2025
MalimBlocks
Ақтөбеде аудан халқының қайықпен қатынаудан басқа амалы қалмады

Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті

Су тасқыны кезінде миллиардтаған қаржы жиналған Перизат Қайраттың қоры жабылды

Тасқынды алдын ала болжайтын жүйе іске қосылды

Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді.

Елімізде су тасқыны қаупі бар елді мекендер саны 1200-ден асады

Министр: Су тасқынына сақадай саймыз